Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалықызының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында жас жеткіншектер арасында «Мақал сөздің мәйегі» атты тәрбие танымдық шара болып өтті.
Шара барысында жеткіншектерге қазақ мақалдарының хадиспен байланысы, өзара сабақтастығы түсіндірілді. Шәкірттер өздерінің білетін мақалдарын ортаға салды. Сонымен қатар, мақал-мәтелдерді құрастыру сайысы болып өтті.
Шараның мақсаты өскелең ұрпаққа ата-дәстүр салтымыз мен дініміздің сабақтастығын насихаттау.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы