Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалықызының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында мешіттің қажы әжелері «Үлкеннің жолы өнеге» тақырыбы аясында бас қосты.
Шара барысында қажы апалардың құрметіне арнайы дастархан жайылып, Құран хатым дұғасы жасалды. Мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы тақырып аясында ақ жаулықты қарияларға насихат айтып, өнегелі жандардың өмірде алар орны жайлы уағыз айтты. Басқосуда әжелер қауымы аталған тақырып бойынша өз ұсыныс, ойларын ортаға салып, алдағы уақытта атқарылатын шаралар бойынша жоспарлар құрылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы