Center Image
IHSAN.KZ
Құрбан айтқа қатысты арнайы келіссөздер жүргізілді
Құрбан айтқа қатысты арнайы келіссөздер жүргізілді

Мұсылмандардың ұлық мейрамы Құрбан айттың жақындауына орай Қарағанды қаласындағы мал сататын орындардың иелерімен кездесу жүргізілді.

«Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Асылхан Рахымжанұлы және «Уақып» қорының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы келелі кездесуде мал бағасын реттеу және тұрақтылықта ұстау мәселесі бойынша келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар, облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының алғыс хатын табыстап, «Құрбан шалу», «Ихсан-рухани тәрбие негізі»  кітаптарын тарту етті.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz