Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде «Имани жаз- 2024» атты жазғы сауат ашу дәрісі өз жұмысын бастады.
Айта кетейік, жиырма күнге жалғасатын сауат ашу курсында оқушыларға «Иман әліппесі», «Құранды тәжуидпен оқып үйрену», «Алланың 99 есімін жаттау», «Ислам әдептері», «Көркем мінезге тәрбиелеу», «Тазалыққа үйрету» және тағы басқа дәстүрге сай дәрістер жүргізілмек. Мектеп оқушыларына арналған діни сауат ашу курстарында білікті ұстаздар дәріс өткізеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы