Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешітінде жазғы сауат ашу  дәрісі  басталды
«Әл Машани» мешітінде жазғы сауат ашу  дәрісі  басталды

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде «Имани жаз-2024» атты жазғы сауат ашу  дәрісі  өз жұмысын бастады. 
Шараға «Әл Машани» мешітінің  наиб имамы Смағұлов Жасұлан арнайы қатысып, балаларға «Білім алудың артықшылығы» тақырыбында насихат айтты.
Айта кетейік, жиырма күнге жалғасатын сауат ашу курсында қала бойынша 105 шәкірт діни сауат ашпақ.  Оқушыларға «Иман әліппесі», «Құранды тәжуидпен оқып үйрену», «Алланың 99 есімін жаттау», «Ислам әдептері», «Көркем мінезге тәрбиелеу», «Тазалыққа үйрету» және тағы басқа дәстүрге сай дәрістер жүргізілмек. Мектеп оқушыларына арналған діни сауат ашу курстарында білікті ұстаздар, медресе түлектері дәрістер өткізеді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz