Center Image
IHSAN.KZ
 «Имани жаз-2024»: «Төлеутай ата» мешітінде жазғы дәріс басталды
  «Имани жаз-2024»: «Төлеутай ата» мешітінде жазғы дәріс басталды

ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде  «Имани жаз-2024» атты жас жеткіншектерге арналған жазғы сауат ашу курсы басталды.

Курстың алғашқы күнінде  мешіт дін қызметкерлері    балақайлармен жеке-жеке танысып, білім алу жолында сәттілік тілеп, бата берді.

Бүгінде сауат ашу курсында тәлім алып жатқан ұл-қыздар мешіт ұстаздарынан ахлақ (әдеп), қысқа сүрелер мен дұғаларды, Ислам тарихы мен намаз оқуды үйретуде. Ендеше, балақайларға ілім алу жолында мол береке мен сәттілік тіледік! 

     ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz