Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде жазғы сауат ашу дәрісі басталды
 «Бала қажы» мешітінде жазғы сауат ашу дәрісі басталды

Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Расында Ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену.  Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде  «Имани жаз 2024» атты жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Жас жеткіншектерді асыл дініміздің ілімімен сусындататын ұстаздар бүгіннен бастап балаларға Құран Кәрімнің әріптерінен бастап, қысқа сүрелерді жаттып, дұға жасау, ғибратты әңгімелер мен тәрбие сағаты бағытындағы пәндерден дәріс жүргізеді.  Сауат ашу курсының алғашқы күні  мешіт имамы  Махмұд қажы Нұрұлы  жеткіншектерге Өзінің уағыз-насихатын айтып, білім алу жолында сәттілік тілеп, ыстық лебізі мен батасын берді. Айта кетейік, жазғы дәріс алу курсы өз мәресіне жеткен соң шәкірттерге арнайы сертификат берілетін болады.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz