Center Image
IHSAN.KZ
Топар кентінде жазғы дәріс басталды
Топар кентінде жазғы дәріс басталды

   Абай ауданына қарасты Топар кенті  «Жұмабек Тәшен» мешітінде  «Имани жаз 2024» атты жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Жас жеткіншектерді асыл дініміздің ілімімен сусындататын ұстаз бүгіннен бастап балаларға Құран Кәрімнің әріптерінен бастап, қысқа сүрелерді жаттып, дұға жасау, ғибратты әңгімелер мен тәрбие сағаты бағытындағы пәндерден дәріс жүргізеді.  Сауат ашу курсының алғашқы күні  мешіт имамы  Мурсали Қаленұлы жеткіншектерге Өзінің уағыз-насихатын айтып, білім алу жолында сәттілік тілеп, ыстық лебізі мен батасын берді. Айта кетейік, жазғы дәріс алу курсы өз мәресіне жеткен соң шәкірттерге арнайы сертификат берілетін болады.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz