Қасиетті Құрбан айт мейрамының жақындауына орай "дін мен дәстүр" бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдаулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен мешітке келген жамағатқа арнайы сұрақ-жауап кітапшалары таратылды.
Сонымен қатар, уағыз насихат айтып, жамағаттың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
Кітапшада ұлық мейрамның мән мағынасы мен құрбан шалуға қатысты ақпараттар қамтылған.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы