Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда құрбан айтқа қатысты дайындық жиыны өтті
Теміртауда құрбан айтқа қатысты дайындық жиыны өтті

Теміртау орталық "Әлихан Бөкейхан" мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлы  өңірге қарасты мешіттердің  имамдарымен бірге мұсылман күнтізбесіндегі ұлық мерекенің бірі Құрбан айт мейрамын өткізуге арналған дайындық жиынын өткізді. 

Жиында «Раббың үшін Құрбан шал» акциясын өткізу, құрбан шалуға қатысты тиісті ақпараттарды халыққа алдын-ала видеороликтер, электронды нұсқамалар түрінде тарату, арнайы «Пәтуа сағаттарын» өткізу, құрбандық еттерін жинап, мұқтаж отбасыларға тарату істеріне еріктілерді жұмылдыру бойынша тапсырмаларды жүктеді.  Сондай-ақ, Құрбан айт күндері мешіттердің ауласында қайырымдылық жәрмеңкелері мен ұлттық дәстүрімізге сай спорт түрлерінен сайыстар өткізу  және т.б. сынды мәселелер сөз болды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz