«Құрбан айт – 2024» мерекесіне орай, Абай ауданының имамы Асқат Қанайұлы мен «Аманат» қоғамдық қоры Қарабас кентінде батагөйлер байқауын ұйымдастырып, ұлттық құныдылықтарды уағыздады. Қарабас кентінің ақсақалдарына арналған «Баталы елге бақ қонар» бата беру сайысы өткізілді. Шараның мақсаты - асыл қазына қариялардың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы жастарды имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрету.
“Бата білу парыз. Бұл үлкен адамдардан жастардың бата тілеуі орынды. Көпшілік жерлерде, жиын-тойларда, садақаларда бата бер деп білікті, үлкен ақсақалдардан тілейді. Сондай жерлерде өзінің орнымен берген батаның үлкен мәні зор”, – дейді бас жүлденің иегері, Қарабас кентінің ақсақалы Жетпіс ата.
Жеңімпаздар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Қарабаста «Баталы елге бақ қонар» атты сайыс өтті
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы