Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен қасиетті құрбан айт мейрамының құрметіне орай әйелдер жамағатына «Құран мәңгі мұғжиза» атты уағыз - насихат айтылды.
Сонымен қатар, «Құранның қасиеттілігі», «Құран тыңдаудың артықшылығы», «Құранға амал ету» тақырыптары кеңінен түсіндірілді.
Шараға жиналған қатысушыларға Құран және пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиеттері үлестірілді. Құнды насихатпен сусындаған шәкірттер қауымы алған білімдерімен бөлісіп, қажы апалардың оқыған құран хатым дұғасы жасалды.
Шара соңында арафа күнінің құрметіне орай ораза тұтқан жетпіске жуық жамағатқа су және тәттілер үлестірілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы