Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде ұлық мейрам құрбан айт қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты.
Игі шара «Қазыбек би» мешіті, «Раймарт» сауда орталығы жане «Бала парк» ойын сауық орталығының бірлесуімен жүзеге асты.
Мешіт имамы Ербол Мұқанұлының мұрындық болуымен өткен шарада мешіт жамағаты кір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күрес сынды ойындар бойынша бақ сынасты. Қазақша күрес ойынына балалар да қатысып, күштерін сынға салып, арқан тартысынан әйелдер де тыс қалмады. Мереке барысында мешітке жиналған халыққа тегін палау үлестіріліп, қазақы киіз үйде дәм берілді. Балаларға тегін балмұздақ үлестіріліп,ианиматорлар өнер көрсетті.
Сайыс тартысты өтіп, нәтижесінде жеңімпаздарға арнайы мадақтама мен қаржылай сертификаттар табысталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы