Center Image
IHSAN.KZ
Абайда құрбандық еті үлестірілді
Абайда  құрбандық еті үлестірілді

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Абай аудандық орталық мешітінде көмекке мұқтаж  отбасыларға құрбан малының еті таратылды.

Құрбандыққа шалынған мал еті негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлыққа мұқтаж жандарға үлестірілді.

“Құрбан шалу жай бір жасай салар күнделікті іс емес. Құлшылықтың бұл түріне жіті көңіл бөле отырып, шынайы ниет қойып, малдың ең таңдаулысын құрбан ету – дүниеміз бен ақыретімізге орасан рухани пайда, сансыз сауап, көңілі қаяу жандарға жұбаныш сыйлайды”,- деді мешіт имамы Асхат Қанайұлы


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz