Үштөбе ауылы "Қажыбай қажы" мешітінің имамы Жандос Әшімұлының ұйымдастыруымен жылдағы дәстүр бойынша Құрбан айтқа ерекше дайындық жасалды. Айт намазына жиналған жамағатты бас имам Жандос Әшімұлы құттықтап ҚМДБ- бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттін және Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ыстық ықыласы мен сәлемдерін жеткізді. Айт намазына жиналған балаларға ерекше көңіл бөліп 500 балаға балмұздақ таратылды. Сонымен қатар мешіт ауласында арнайы катамарандар алдырып тегін ойын сауық ұйымдастырылды. Күні бойы еш шектеусіз әбден ойынға қаныққан балалар үшін тегін өтті. Жас өспірімдер арасында ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өтті. Атап айтқанда садақ ату, асық ату, арқан тарту т.басқа. Өз кезегінде жүлделі орындарға қатысып оза шапқандарға ақшалай сыйлықтар берілді.
Үштөбеде құрбан айт жоғары деңгейде аталып өтті
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы