Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешіті ұжымының жарты жылдық жиыны өтті
Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешіті ұжымының жарты жылдық жиыны өтті

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен облыстық «Әнет баба» мешіті ұжымының жарты жылдық жиыны болып өтті.

Басқосуға облыстық мешіттің  наиб имамдар мен ұстаздар және басқа да қызметкерлер қатысты.

Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бес бағыт бойынша қызмет атқару мәселелері сөз болды.

Бас имам аталған бес бағыт бойынша жыл бойы атқарылатын жұмыстарды сапалы, тиянақты және жоспарға сәйкес жүзеге асыру қажет екенін ескертті.

Сонымен қатар, бекітілген функционалдық міндеттемелерге сай діни қызметкерлердің жұмыстары қаралып, ҚМДБ бөлім тапсырмаларына аса мән беріп, уақытылы орындау тапсырылды. 

Одан өзге дін қызметкерлерінің уағыз айту, намаз өткізу, жұмысқа келіп-кету барысында жауапкершілікке аса басымдық беру туралы да айтылды.

Шара соңында Бас имам мешіт қызметкерлерінің ынтымақ-бірлігі нығая берсін деп дұға тілеп, алдағы жарты жылдық жоспарға сай тапсырмалар берді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz