Center Image
IHSAN.KZ
Құрбан айт мейрамы «Төле би» мешітінде аталып өтті
Құрбан айт мейрамы «Төле би» мешітінде аталып өтті

Мұсылмандардың ұлық мейрамы  құрбан айт "Төле би" мешітінде  аталып өтті . Мешіт имамы Жумагулов Рашид Орысбайұлы күлі мұсылмандарды құрбан айт мерекесімен құттықтадап, ізгі тілегін  білдірді. Сондай-ақ мерекеге қатысты ұйымдастырылған ұлттық ойын, іс-шараларға қатысуға шақырды.
Мешіт алаңында ұйымдастырылған  ұлттық ойындар мен жарыстарға жамағат белсене қатысты. Кір тасын көтеру,  қой көтеру секілді ойындар арасында қызу тартыс өтті. Жеңімпаздарға марапаттаулар мен бағалы сыйлықтар үлестірді. 
Жамағатқа айт намазынан кейін кигіз үйде айт дастарханы жайылды. Жиылған қауым ақ дастарханнан дәм татып, риза қош болып құрбан шалуға бет алды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz