Center Image
IHSAN.KZ
«Жұмабек Тәшен» мешітінде жазғы дәріс жалғасуда
«Жұмабек Тәшен» мешітінде жазғы дәріс жалғасуда

Қарағанды облысы Абай ауданына қарасты Топар кенті "Жұмабек Тәшен" мешітінде  «Имани жаз- 2024» атты жазғы сауат ашу дәрісі жалғасуда.

Айта кетейік, жиырма күнге жалғасатын сауат ашу курсында   оқушыларға «Иман әліппесі», «Құранды тәжуидпен оқып үйрену», «Алланың 99 есімін жаттау», «Ислам әдептері», «Көркем мінезге тәрбиелеу», «Тазалыққа үйрету» және тағы басқа дәстүрге сай дәрістер жүргізілмек. Мектеп оқушыларына арналған діни сауат ашу курстарында білікті ұстаздар  дәріс өткізеді.

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz