Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Расында Ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену. Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде «Имани жаз 2024» атты жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Жас жеткіншектерді асыл дініміздің ілімімен сусындататын ұстаздар бүгіннен бастап балаларға Құран Кәрімнің әріптерінен бастап, қысқа сүрелерді жаттып, дұға жасау, ғибратты әңгімелер мен тәрбие сағаты бағытындағы пәндерден дәріс жүргізеді. Сауат ашу курсының алғашқы күні мешіт имамы Әсет Наурызбайұлы жеткіншектерге Өзінің уағыз-насихатын айтып, білім алу жолында сәттілік тілеп, ыстық лебізі мен батасын берді. Айта кетейік, жазғы дәріс алу курсы өз мәресіне жеткен соң шәкірттерге арнайы сертификат берілетін болады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы