Center Image
IHSAN.KZ
Құранға түскен шәкірттер сертификатталды
Құранға түскен шәкірттер сертификатталды

Қарағанды қалалық "Әл Машани"  мешітінде Құран ілімі бойынша дәріске үздік қатысып Құранға түскен шәкірттерге арнайы сертификат пен Құран кітаптары тарту етілді.

Шараны ұйымдастырған мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы  білім қуған шәкірттерге дініміздегі білім алудың орны мен Құран оқып-үйренудің шарапаты туралы уағыз айтты. Сонымен қатар, Құранды еркін оқып, түсіне алуы келешек ұрпақтың тәрбиелі, иманды, көреген болып өсуіне үлкен септігін тигізетінін атап өтті.

Сондай-ақ, білім алған шәкірттерге алғыс білдіріп, олардың білім сапарына сәттілік тіледі. Шара барысында шәкірттерге берекелі дастархан жайылды.

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz