Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешітінің тазалықшысына Ұмра жолдамасы берілді
«Әнет баба» мешітінің тазалықшысына Ұмра жолдамасы берілді

  Қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ұзақ жылдар бойы тазалықшы қызметін атқарып келе жатқан Несіпбала Бүркітбайқызына кіші қажылық жолдама табыс етілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы  8 жыл бойы құлшылық ордасына сіңірген еңбегін елеп-ескеріп, сауапты қызмет атқарып келе жатқан Несіпбала Бүркітбайқызына  дүйім жамағат алдында өзінің алғысын айтып, кіші қажылық жолдама тарту етті.

Айта кетейік, Несіпбала Бүркітбайқызы облыстық «Әнет баба» мешітінде 2016 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Ұмра жолдамасының арнайы сертификаты  табысталғаннан кейін ақсақалдар ақ батасын беріп, мешіт қызметкеріне сәтті сапар тіледі.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz