Center Image
IHSAN.KZ
«Эталон» ұн өндірісі мен «Батыр» фаст-фуд өнімдері сертификатын жаңартты
«Эталон» ұн өндірісі мен «Батыр» фаст-фуд өнімдері сертификатын жаңартты

  Қарағанды қаласындағы «Эталон» ұн өндірісі мен «Батыр» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» стандартына сай сертификаттарын жаңартты. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады.

«Кәсіпорындарды сертификаттау барысында кәсіпорындардағы өнімнің өндірілуінен бастап, дүкен сөрелеріне жеткізуіне дейінгі барлық процесс толықтай тексерілді. Дайын өнімдердің сақталуы, тасымалдануы, жеткізуші техникалық құралдардың халал стандартқа сәйкестігі, сату алаңдарында бірыңғай халал өнімдердің орналасуы, қызметкерлердің стандарт талаптарын сақтауы, санитарлық-тазалық мәселелері де назардан тыс қалмады. Аудит нәтижесі бойынша, кәсіпорындардың шариғатқа сай, халал өнім өндіретіні анықталды. Технолог және шариғат мамандарының оң қорытындысынан кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», - дейді өкіліміз.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz