Center Image
IHSAN.KZ
Қазыналы қариялар мешітте бас қосты
Қазыналы қариялар мешітте бас қосты

Абай ауданына қарасты, Топар кенті "Жұмабек Тәшен"  мешітінің имамы Мурсали Қаленұлының  ұйымдастыруымен «Аталар мектебі – тәрбие негізі» атты берекелі басқосу өтті.
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында  өткен басқосуға мешіттің ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты. 
Жиында арнайы алғы сөзді алған мешіт имамы ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап,  аталар институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.
Шараның басты мақсаты қазақ отбасының қазынасы саналатын қариялардың өнегесі арқылы жас буынды өнеге мен ізгілікке тәрбиелеу.
Жиында жаңа бастамаға ақсақалдар қауымы қолдау білдіріп, Құран оқылып, дұға жасалды.
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz