ҚМДБ тапсырмасы аясында Қарағанды қалалық “Бала қажы” мешітінің имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлының ұйымдастыруымен "10-тамыз Абай күні мерекесі" құрметіне орай мешіт жамағатына және шәкірттерге арналған рухани кеш болып өтті. Толық адам концепциясы аясында қазыналы қарттармен дастархан басында жиналып, ұрпағымызға Абайдың өнегелі өмірін үлгі етіп, жас ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі айтылды.
Нұрланұлы Фархад ұстаз шәкірттерді арнайы жинап, Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі діни көзқарас, таным туралы кеңейтілген дәріс өткізді.
Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөзі айырылмас, -деген Абай, Аллаға да оның «сөзі» «Құран-Кәрімге»-де бар болмысы, жан-тәнімен сенген – кәміл мұсылман. Сөз Алланың бір сипаты болғанда, көптеген кітап Алладан келді дей отырып, Абайдың бөліп алып, оқушысына «оның төрті»-деп жеке түсіндіріп отырғаны – көктен түскен қасиетті төрт кітап – Тәурат, Забур, Інжіл, Құран. Өзі мұсылман бола тұра, әлемдік басты діндердің қағидалары мен канондары жазылған бұл төрт кітаптан Абай Құранды жеке бөліп, оқушысына ерекше түсіндірмейді. Ол «Алланың сөзі»-деп, осы аталған төрт кітапқа бірдей тең көзбен қарайды. Адамзат тарихындағы діннің рөлін жетік білген ғұлама Абайдың түрлі діндерге тең дәрежедегі бір көзбен қарауы – оны Әлемдік деңгейдегі ұлы ойшыл-гуманист дәрежесіне көтеріп отыр. Шәкірттерге осы қыры кеңінен ашылып айтылды. Сонымен қатар 38-қара сөзінде айтылатын “Иман” туралы түсінік, Алланың көркем сипаттары мен ғылым туралы кеңінен тарқатылып берілді.
Нуров Махмуд имам мен Нұрланұлы Фархад ұстаз қазыналы қарттар мен өскелең ұрпақ жас шәкірттерге «Абай іліміне» сүйеніп, өн бойына ақыл, әділет, рахым секілді үш адамгершілік қасиетті жинақтаған адамды «Толық адам» концепциясын ашып берді.
Бала қажы мешітінде Абай күні атап өтілді
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы