Center Image
IHSAN.KZ
Жамағатқа «Толық адам тағылымы» насихатталды
Жамағатқа «Толық адам тағылымы» насихатталды

  ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарағанды жамағатына «Толық адам тағылымы» тақырыбы насихатталып, Абай күні аталып өтті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен әр бейсенбі жалғасып келе жатқан дәстүрлі басқосуда мешіт жамағатының құрметіне  берекелі дастархан жайылып, ас берілді.

Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани кешке Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Мұхамедғали Ілиясұлы құрметті қонақ болып, «Абай және Ислам», «Толық адам» концепциясы  аясында және ғылым төңірегінде уағыз-насихат айтты.

Дін мен дәстүрдің құндылықтары сабақтасқан берекелі отырыс соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz