Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешітінің футбол командасы жеңістерін атап өтті
«Әл Машани» мешітінің футбол  командасы жеңістерін атап өтті

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі және облыстық дін істері басқармасының бірлесе  ұйымдастыруымен Қарағанды қаласы мешіттерінің жамағаттары арасында өткен «Теңбіл доп» атты турнирге қатысып, І орын иеленген «Әл Машани» мешіті командасы жүлделерін атап өтті.

Шара барысында мешіт ауласындағы қазақы киіз үйде дастархан жайылып, жамағатқа дәм берілді. Мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы уағыз-насихат айтып, жеңімпаздарды құттықтады.

Жамағаттың бірлігін нығайту мақсатында жүзеге асырылған  доп додасында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған аймаққа қарасты мешіттер арасынан сегіз команда жасақталып, өзара бақ сынасқан болатын.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұратын турнирдің  мақсаты –мешіт жамағаттары арасында бірлік пен бауырмалдықты арттыру. Сондай-ақ, қоғамға және жамағат арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz