Center Image
IHSAN.KZ
Саранда «Толық адам тағылымы» насихатталды
Саранда «Толық адам тағылымы» насихатталды

  ҚМДБ-ның Төрағасы Бас мүфти  Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен "Ислам және дәстүр құндылығы" жылы аясында Қарағанды облысы Саран қалалық мешітінде "Толық адам тағылымы" тақырыбы насихатталып, Абай күні аталып өтілді. Мешіттің азаншысы Ерболат Дәуіржан жастардың басын қосып Абай атамыздың өсиеттерін түсіндірді. "Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті." - демекші адам болып қалыптасу жолындағы Абай хакімнен қалған баға жетпес құндылықтарды ашықтап насихаттады.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz