Center Image
IHSAN.KZ
«Толық адам тағылымы» тақырыбы «Қазыбек би» мешітінде насихатталды
«Толық адам тағылымы» тақырыбы «Қазыбек би» мешітінде насихатталды

 ҚМДБ-ның Төрағасы,  Бас мүфти  Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында  Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің жамағатына  «Толық адам тағылымы» тақырыбы насихатталып, Абай күні аталып өтілді. Мешіт имамы Ербол Мұқанұлы  ақсақалдардың басын қосып, мешіт жамағатының құрметіне  берекелі дастархан жайды. Дәстүрлі бас қосуда Абай атамыздың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста. Сонда толық боласың елден бөлек» деп өсиет еткеніндей,  толық адам Жаратқанның Өзін сүюге ұмтылып, рухани жаңғырудың шыңына ұмтылу екендігі түсіндірілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz