Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешіті 330 оқушыны мектепке дайындады
«Әнет баба» мешіті 330 оқушыны мектепке дайындады

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан қайырымдылық бағытындағы іс-шараның бірі «Мектепке жол» акциясы Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешітінде жоғары деңгейде жүзеге асты.⠀

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен шара барысында 330 мектеп оқушысына қолдау көрсетілді.⠀

 “Зекет және қайырымдылық қорының” мұрындық болуымен
оқушыларға мектеп сөмкелері мен қажетті оқу құралдары табыс етілді.⠀

Қайырымдылық шарасы барысында облыс бас имамы білім жолындағы бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, ізгі тілегін арнады. ⠀
«Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Биылда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 330 мектеп оқушысына көмек берілді. Оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, акцияға демеушілік жасаған жомарт жандарған шексіз алғысымызды білдіреміз»- деп, Өз алғысын білдіре келе бұл қайырымдылық шарасы білімге жасалып  отырған қолдау екенін атап өтті.⠀

Айта кетейік, аталмыш қайырымдылық жобасы облысқа қарасты барлық мешіттерде жалғасуда.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz