Center Image
IHSAN.KZ
Қайырымдылық акциясы: 44 балаға мектепке арналған сөмке мен құрал-жабдықтар таратылды
Қайырымдылық акциясы: 44 балаға мектепке арналған сөмке мен құрал-жабдықтар таратылды

Оқу жылының басталғанына екі апта болғанымен, мұқтаждығы бар отбасыларды мешіт жамағаттары әлі де қолдап, керек-жарақтарын алып беруге қолғабыс етіп жатыр. Теміртау орталық Әлихан Бөкейхан және қалалық Жақып Ақбай атындағы мешіттерінің атынан 44 балаға мектепке арналған сөмке мен қажетті құрал-жабдықтар таратылды. Бұл қайырымдылық шарасы балалардың жаңа оқу жылына дайындалуына үлкен көмек болды. Әр балаға мектепке қажетті дәптерлер, қаламдар, қарындаштар және сөмке мен басқа да оқу құралдары берілді. Бұл шара балалардың білім алуға деген ынтасын арттырып, ата-аналарына үлкен көмек болды. Қайырымдылық акциясы барысында мешіт қызметкерлері балалармен бірге уақыт өткізіп, оларға қолдау көрсетті. Осындай игі істер қоғамымыздың бірлігін нығайтып, мейірімділік пен қамқорлықты арттырады. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz