ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы тапсырмасымен басқару-бақылау жұмыстары бойынша Нұра аудандық мешітінің имамы Ерлан Серікұлы Нұра ауданына қарасты теңіз өңірінде орналасқан QULANUTPES ауылдық мешітіне ат басын бұрды.
Мешіт имамы Есегелді Мергенбайұлы құлшылық үйінің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Одан бөлек мешіттің тазалығына назар аударылып, ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстары тексерілді.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары имамның ұйымдастыру қабілетін және іскерлігін тілге тиек етті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы