Center Image
IHSAN.KZ
Саран қалалық мешіті рухани мәуліт кешін ұйымдастырды
Саран қалалық мешіті рухани мәуліт кешін ұйымдастырды

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Қарағанды облысы Саран қалалық мешіті «Мінсіз Мұхаммед ﷺ» атты рухани мәуліт кешін ұйымдастырды. Рухани шараны Саран қаласының имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы ашып , жиналған жамағатты мәуліт мерекесімен құттықтады. Тәлімі мен тағылымы мол кешке имам ұстаздар мен зиялы қауым өкілдері де қатысты. "Хазірет Әли" мешітінің имамы Рахматуллаев Алимжан Қазақбайұлы уағыз-насихат жүргізсе, Абдрахманов Дастан Жанқозыұлы арнайы мәуліт жырын оқып, ардақты Пайғамбарымызға ﷺ салауат жолдады. Мәуліт айының құрметіне арнайы салауат тобының тұрақты қатысушыларына сый-сыяпаттар табысталды.  Және де мешіт қызметкерлері сұрақ-жауап сайысын ұйымдастырып, сыйлықтар үлестірді. Келелі кештің соңы Мақсат есімді бауырымыздың тілін кәлимаға келтіріп, ислам дінін қабылдауымен тәмәмдалды. Осындай рухани іс-шараға куә болған жамағат бір-біріне алғыс айтып тарасты.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz