Қарағанды қаласы, Сұрыптау бекеті, «Қамзе» мешітінің имамы Думан Қамариденұлы жамағатқа Исламдағы туыстық қарым-қатынас жайлы насихат айтты
Алла Тағаланың осы дүниеде адам баласына берген сыйлықтарының бірі - бұл ағайын-туыстары. Жылағанда жұбататын, қиналғанда арқа сүйерің, қуанғанда қуанышыңды бөлісетін, өкпелесек назыңды көтеріп қателігімізді кешіре білетін тек ағайын-туыстарымыз.
Адамдардың барлығы ағайын-туыстай бола бермейтіні шындық. Туыстық қарым-қатынасты халқымыз қашанда жоғары қойған. Әйгілі ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсарин атамыз бір еңбегінде: «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады»,-деп жазған.
Сондықтан да бала тәрбиесінде туыс-туғандарға деген мейрімділік, жанашырлық көрсетіп тәрбиелеу басты міндет. Себебі туысқандық қарым-қатынасты нығайту дініміздегі негізгі қағидалардан, ал олармен қарым-қатынасты үзу дінімізде қатаң тиым салынған істерден болады. Жалпы Жаратқаннан шынымен қорқатындар туысқанын сыйлап, олармен тығыз байланыста болғандар.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы