Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде қасиетті Рамазан айының алғашқы тарауық намазы оқылды.
Аудан имамы Маханбетчин Берік Алпысбайұлы жамағатты Рамазан айының басталуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ тарауық намазында Құран хатым түсіретін қариларды таныстырды.
Қасиетті айдың құрметіне орай мешіт асханаларында ауызашар дастарханы жайылып, жамағатқа ауызашар беріле бастайды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы