ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына орай, мүфтияттың 35 жылдығына байланысты «35 мың азық-түлік себетін тарату» қайырымдылық марафоны Қарағандыда жалғасты. Қасиетті Рамазан айында бұл игі бастаманы Қарағанды обысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қолдауымен облыстық «Зекет және қайырымдылық» қоры ұйымдастырды.
Қарағанды облысында қайырымдылық іс-шарасы ҚМДБ бекіткен «Рамазан сыйы» аясында, «Әнет баба» мешітінің жамағаты және демеушілердің атсалысуымен азық-түлік себеттері таратылды. Рамазан айының алғашқы кезеңінде Қарағандыда 750 отбасыға қажетті азық-түлік жеткізілді. Игі бастама бір реттік емес, қасиетті ай бойы жалғасып, облыс көлемінде өзге де мұқтаж жандарға көмек көрсетілмек.
Азық-түлік себеттері тұрмысы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көп балалы және аз қамтылған отбасыларға таратылды.
Қайырымдылық – Рамазан айының ең басты құндылықтарының бірі. Дін өкілдері бұл бастаманың ел аумағында кең көлемде жүргізілетінін және мұқтаж жандарға көмек беру басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы