Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен басталған берекелі ауызашар дастарханы Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде тұрақты жалғасып келеді.
Мешіт имамы Рауан Төлеубекұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан игі шара барысында уағыз-насихат айтылып, жамағатқа сұрақ-жауап ойындары ойнатылады.
Жамағаттың бірлігін нығайту мақсатында қасиетті айдың құрметіне орай жүзеге асып жатқан ауызашар дастарханы берекелі айдың соңына дейін жалғаспақ.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы