«Әл Машани» мешітінде шәкірттер қасиетті Рамазан айының құрметіне ауызашарға жиналды. Басқосу барысында жамағаттың бірлігі мен ынтымағы насихатталып, исламдағы бауырмалдықтың маңызы айтылды.
Шәкірттер Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетін ұстана отырып, бір-біріне сыйлық тарту етіп, жүрекжарды тілектерін білдірді. Жылы жүздесу барысында жамағат арасындағы ауызбіршілік арта түсіп, берекелі отырыс рухани сұхбатпен жалғасты.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы