ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарағанды облысына қарасты барлық аймақтарда бірқатар игі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Сол игі бастамалардың бірі Наурыз мерекесі қарсаңында «Төлеутай ата» мешітінде өтті.
Дәстүрімізді дәріптеуді көздеген іс-шараға аймақтық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы арнайы қатысып, халқымыздың салт-дәстүрі мен ислам дінінің өзара байланысы жөнінде тағылымды насихат жүргізді.
Шара барысында екі бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, ақ жаулықты әжелер шәшу шашты. Қариялар ақ батасын беріп, игі тілек-дұғаларын арнады.
Сонымен қатар, жиналған жұртшылыққа зәм-зәм суы мен құрма ұсынылып, ізгі ниет пен жылы лебіз жолданды.
Игі істі ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне жергілікті халық өз ризашылығын білдірді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы