Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Машани» мешітінде 50 отбасыға азық-түлік таратылды
«Әл-Машани» мешітінде 50 отбасыға азық-түлік таратылды

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық акциясы өткізілді.

⠀
Акцмя аясында мұқтаж және көпбалалы 50-ге тарта отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Қайырымдылық керуеніне жұмыла атсалысқан мешіт қызметкерлері мен жомарт жандардың бұл бастамасы көпшілік тарапынан ризашылыққа білдірді. .
⠀
Іс-шара барысында имам Сайлау Жұмағұлұлы отбасы мүшелеріне Рамазан айының қасиеті мен мұсылман баласына жүктелер жауапкершілік туралы насихат айтып, ізгі тілегін жеткізді.
⠀
Бұл игі амал қоғамда мейірімділік пен бауырмалдықты арттырып, Рамазан рухын терең сезінуге мүмкіндік берді.


⠀
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz