Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Машани» мешіті «Тегін такси» қызметін ұйымдастырды
«Әл-Машани» мешіті «Тегін такси» қызметін ұйымдастырды

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне «Тегін такси» қайырымдылық акциясы өткізілді.
⠀

Игі бастама аясында ауызашар уақытына үлгермей жатқан тұрғындар мен мұқтаж жандарға тегін такси қызметі ұсынылып, олардың мекенжайына дейін жеткізілуіне жағдай жасалды.

Бұл іс-шара Рамазан айының рухына сай мейірім мен қамқорлықты дәріптеуді, сондай-ақ көпшілікке дініміздегі жанашырлық пен ізгіліктің мәнін сезіндіруді мақсат етті.
Жолаушылар игі іске ұйытқы болған мешіт имамы мен ерікті азаматтарға алғыстарын білдіріп, шараның маңыздылығын ерекше атап өтті.
⠀
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz