Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне 50 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Игі іс-шараны мешіт имамы Орманбет Болатұлы ұйымдастырып, мұқтаж отбасыларға арнайы Рамазан сыйын табыстады.
Демеушілердің қолдауымен тұрмысы төмен, көпбалалы 50 отбасына күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік қоржындары үлестірілді. Әр қоржынның ішіне сұйық май, жұмыртқа, ұн, макарон өнімдері және басқа да қажетті азық-түліктер салынды.
Қайырымдылық көмекке ие болған мұқтаж жандар көрсетілген қамқорлық үшін ризашылығын білдіріп, мешіт ұжымына және демеушілерге шын жүректен алғыстарын жеткізді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы