Қасиетті Қадір түнінің құрметіне орай Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде жамағатқа арналған ауызашар дастарханы жайылды.
Рухани іс-шара барысында мешіт имамы Ербол Мұқанұлы «Қадір түнінің қасиеті» тақырыбында насихат айтып, жиналған жамағатты құлшылыққа, ізгілікке үндеді.
Кештің рухани мазмұны Құран оқумен жалғасып, ата-баба рухына дұға бағышталды. Қасиетті түннің маңызын терең ұғынған жамағат Алланың мейірімі мен кешіріміне бөленуді тілеп, дұғада бас қосты.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы