Абай ауданына қарасты Топар кентіндегі «Жұмабек Тәшен» мешітінде қасиетті Қадір түні жоғары деңгейде аталып өтті.
Кент имамы жергілікті мешіт жамағатын берекелі түнмен құттықтап, «Қадір түнім – қасиетім» тақырыбында насихат айтты.
Сонымен қатар бір ай бойы мешітте тарауық намазын жүргізген қариларға құрмет көрсетіліп, жамағат атынан алғыс айтылып, ізгі тілектермен шығарып салынды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы