Барша мұсылман жұрты асыға күткен Ораза Айт мейрамы Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде жоғары деңгейде аталып өтті.
Ұлық мейрам айт намазын оқумен басталып, ауқымды іс- шаралармен өз жалғасын тапты.
Аудан имамы Берік Алпысбайұлы айт намазына дейін тұщымды уағыз айтып, халықты шүкіршілік пен татулыққа үндеді. Ораза айтының мән-маңызын түсіндірді.
Одан соң жамағат арасында ұлттық ойындар жоспар бойынша өткізілді. Атап айтқанда кір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күрес, арқан тартыс ойындары ойнатылды.
Ойын соңында жеңімпаздарға аудан имамы марапаттау қағаздары мен бірінші орын иеленген жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыстады.
Мешіт ауласында жамағатқа наурыз көже үлестіріліп, дәм берілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы