Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде Рамазан айынан кейін келетін Ораза айт намазы оқылды.
Қасиетті мерекеде мешітке халық көп жиналды. 30 күн оразаның сауабын арқалап, Алланың үйіне таң сәріден жиналған жамағат сәждеге бас тигізіп, Аллаға құлшылық етті.
Намаз оқылмас бұрын Қарағанды қалалық “Хазрет Али” мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы қасиетті мерекенің ерекшелігі туралы уағыз айтты.
Содан соң мешітке жиналған мұсылман қауым жүзін құбылаға бұрып айт намазына жығылды.
Айт намазынан кейін, мешіт ауласында жамағатқа ыстық палау үлестірілді.
Балаларға айттық тәттілер беріліп, қазақтың ұлттық ойыны асық ату ойынынан жеткіншектер арасында сайыс өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы