Center Image
IHSAN.KZ
Ораза Айт мейрамы Төлеутай ата мешітінде жалғасты
Ораза Айт мейрамы Төлеутай ата мешітінде жалғасты

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде Ораза айт намазы оқылып, барша мұсылманның ұлық мейрамы Ораза Айт тойланды.

Алла үйіне жиналған жамағатты қалалық мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы ораза айт мейрамымен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Одан кейін айт намазы оқылып, барша жамағат Алла Тағалаға құлшылық жасады.

Ораза айт мейрамының құрметіне орай балаларға мерекелік көңіл- күй сыйлау мақсатында арнайы айттық әзірленіп, теңдей үлестірілді.

«Төлеутай ата» мешітінде  мешіті жамағаты осылайша ораза айт мейрамын ұлықтауға кірісіп кетті.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz