Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық "Қажыбай қажы" мешітінде Құран хатым дұғасы оқылып, Қариға құрмет көрсетілді!
Мешіттің діни қызметкерлері Құран хатымның мұсылмандар өміріндегі маңыздылығына тоқталып, қасиетті кітапты оқып, оны жүрекке тоқудың сауапты амал екенін атап өтті. Жамағат дұға жасап, елдің амандығы мен берекесін тіледі.
"Қажыбай қажы" мешітінде қасиетті Қадір түні Құран хатым дұғасы бағышталды. Мешіт жамағаты Алланың кәләмін толық оқып бітірген Қариға ерекше ілтипат көрсетіп, оның иығына дәстүрлі шапан жауып, құрмет білдірді. Қадір түні Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық "Қажыбай қажы" мешітінің үш шәкіртіне Дәулет қари ұстаз сертификаттар мен Құран кітаптарын табыстады.
Құран – құндылығы еш ескірмейтін кітап.
Құранды оқыған және оған амал қылған адамның қол жеткізер дүниесі өте үлкен. Алла Тағала Құран Кәрімде «Алланың кітабын шынайы түрде (яғни амал ете отырып) оқитын, намазды толық орындайтын және өздеріне берген рызық-несібемізден ізгілік жолында жасырын-жария жұмсайтындар ешқашан зиянға ұшырамайтын сауданы үміт ете алады. Өйткені Алла оларға тиісті сауабын толық береді. Сондай-ақ Өзінің шексіз шарапатымен олардың сыйын одан сайын арттыра түседі. Алла өте кешірімді және шүкіршіл (яғни әрбір ізгі ниет пен амалдың қарымын еселеп, артығымен беруші)», – дейді («Фатыр» сүресі, 29-30 аяттар). Қасиетті Қадір түні "Қажыбай қажы" мешітінде рухани шаралар ұйымдастырылып, жамағатқа ерекше көңіл бөлінді. Бұл түнде мешіт ұжымы жамағат пен ақсақалдар қауымына викториналық сұрақтар қойып, жауап бергендерге арнайы сыйлықтар табыстады. Бұл шара жамағаттың діни білімін жетілдірумен қатар, қасиетті түннің маңыздылығын арттыруға бағытталды.
Сонымен қатар, бес уақыт намаздан қалмайтын және таң мен құптан намаздарына тұрақты түрде қатысып жүрген ақсақалдарға ерекше сый-құрмет көрсетілді. Ақсақалдар қауымы өздеріне жасалған құрметке ризашылықтарын білдіріп, дұға-тілектерін жаудырды.
"Қажыбай қажы" мешітінің ұйымдастырған бұл шарасы жамағаттың ауызбіршілігін нығайтып, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін арттыра түсті. Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық "Қажыбай қажы" мешітінің имамы Жандос Әшімұлының ұйымдастыруымен Ораза айт мерекесі ерекше аталып өтті. Айт намазынан кеиін жамағатқа айт шайы беріліп, ұлттық спорт ойындары ойнатылды. Асық ату, кір тасын көтеру, арқан тартыс сайыстары ұйымдастырылды. Жүлделі орындарға ие болған жамағатқа сыйлықтар берілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы