ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде қасиетті қадір түні жоғары деңгейде аталып өтті.
Мешіт имамы Сәбит Базарбайұлы рамазан айы бойы тарауық намаздарында имамдыққа шығып, жамағатты әуезді үнімен Құран сөзіне сусындатқан қариға алғысын айтып, құрмет көрсетті.
Алланың сөзін жаттаған қариға жамағат атынан ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттап, қаржылай бір миллион теңге сертификат табыс етті.
Сондай-ақ, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қариға мешіт ақсақалдары ақ баталарын берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы