Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде Қадір түніне орай викторина ұйымдастырылды
«Бала қажы» мешітінде Қадір түніне орай викторина ұйымдастырылды

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде Қадір түнінің қасиеті мен маңызын насихаттау мақсатында рухани-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Игі кеш аясында жамағат арасында Қадір түнінің тарихы, оның артықшылығы мен ерекшелігіне байланысты сұрақтар қойылған танымдық викторина өткізілді. Бұл сайыс қасиетті түнді қарсы алуға келген жамағаттың барлығын қамтып, ерекше әсер сыйлады.

Сұрақтарға нақты әрі мүдірмей жауап берген белсенді жастарға Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешіті атынан діни кітаптар сыйға тартылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қасиетті Қадір түнінің маңызын жамағатқа терең түсіндіру, ынтымақ пен рухани бірлікті нығайту, сондай-ақ діни білімге деген ынтаны арттыру болды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz