Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің»- дегендей Қарағанды қалалық “Бала қажы” мешітінде шәкірттер арасында Құранды жатқа айтудан жарыс өтті.
Сайыста шәкірттер Құранның “Шәмс” сүресінен бастап “Нәс” сүрелері арасында сынға түсті.
Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.
Жүлделі орындарға йе болғандарға да, барлық қатысушыларға да естеліккке сыйлдықтар үлестірілді. Алла Тағала қасиетті Құранды кітап күйінде ғана емес адамдар арқылы, осындай қариларымыз арқылы сақтап отырады. Сондықтан, бәйгені ұйымдастыру да Алла жолындағы мәртебелі қызмет.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы